Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиадада семсерлесуден тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, София Николайчук және Дарья Самоделкина командалық сайыста қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшылар ширек финалда Гонконг құрамасын жеңсе, жартылай финалда Қытайға жол берді.
Осылайша, бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Азиададағы шпагамен семсерлесу жарыстарында жеңіп алған алғашқы медалі ретінде тарихқа енді.
Ал ерлер арасындағы рапирамен командалық сайыста Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов және Тамирлан Қалиев Қатар құрамасынан басым түсті. Алайда ширек финалда Жапония командасына есе жіберіп, жарысты аяқтады.