Kia қалалары топтамасы он бір суреттен тұрады, олардың әрқайсысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Семей, Ақтау, Ақтөбе және Қостанай қалаларының басты көрнекті жерлерін көрсетеді. Олар Kia автокөліктерінің әр түрлі моделдерінің силуэттеріне сызып қойылған.
«Бұл жобаға бізді Kia ребрендигімен брендтің жаңа логотипі шабыттандырды. Ол өте сәнді әрі ерекше, сол себепті біз соған сай ерекше, креативті әрі тың дүние жасағымыз келді, - деді ҚР бойынша Kia дистрибуция маркетинг бөлімінің басшысы Евгений Шумков. - Және Мұрат Дильманов өзіне ғана тән қолтаңбасымен танымал стилі арқылы, бүгінде нарықта алдыңғы қатардан орын алып отырған Kia брендін отандық өнермен ұштастыра алды».
Силуэттер арқылы көрініс тапқан Kia модельдерінің сәнді әрі дара дизайны Қазақстан қалаларын керемет етіп көрсету үшін дәл келді, себебі әр қаланың өзінідік әрі қайталанбас көркі бар. Осылайша, қаланың жаны автокөліктің кескіні арқылы ашылып, Kia брендімен бірлесуін білдіреді.
«Негізінде, көпшілік менің алматылық пейзаждарымды өте жақсы біледі, - деп жаңа жоба жайлы айтып бастады суретші, иллюстратор және карикатурист Мұрат Дильманов. - Бірақ көп оқырмандарым Алматыдан өзге қалаларды не себепті салмайтынымды көп сұрады. Міне, сәті түсіп, осы стиль арқылы басқа да қалаларды салуға керемет мүмкіндік туды. Бізде тек түстерді таңдау жағынан ғана кішігірім келіспеушіліктер болды. Десе де, біз келісімге келдік. Суретшінің жұмысына кедергі келтірмеу - осындай коллаборацияларды жасаудағы басты жетістік. Осы уақытқа дейін біз ауқымды жобалар, бизнестен алшақтау едік. Енді міне, қазақстандық бизнес шығармашылық адамдарына деген көзқарасын өзгертті. Және де ол жақсы тенденцияға айналды. Бұл дегеніміз керемет емес пе!»
Мұрат Дильмановтың Kia қалалары топтамасына жасалған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан Instagram (@kiaqazaqstan) и Facebook (@Kia Qazaqstan) көре аласыздар.