Қазақстанның біраз облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жамбыл облысы
15 қыркүйекте Таразда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
16 қыркүйекте күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Түнде солтүстікте, оңтүстікте және таулы өңірлерде найзағай, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста және таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 16 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысы
16 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да сол күні төтенше өрт қаупі болады.
Жетісу облысы
16 қыркүйекте таулы аудандарда тұман түседі. Жел батыстан, шығысы мен солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кейде 23-28 м/с. 16-18 қыркүйекте облыс аумағында төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда 16-18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
16 қыркүйекте түнде солтүстікте және орталықта, күндіз солтүстікте найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте және орталықта шаңды дауыл соғады. Жел батыстан 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
16 қыркүйекте түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман болады. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысы
16 қыркүйекте түнде батыста және оңтүстікте кейде қатты жаңбыр жауады. Күндіз найзағай, түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман болады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандада күндіз найзағай болжанады.
Ұлытау облысы
16 қыркүйекте күндіз батыста, солтүстікте және шығыста найзағай. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде және шығысында екпіні 15-18 м/с. Батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысы
16 қыркүйекте таңертең және күндіз оңтүстігінде және шығысында найзағай. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Түнде солтүстік-шығыста жер бетінде -1°С үсік жүреді. Астанада 16 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай болады.
Абай облысы
16 қыркүйекте түнде және таңертең солтүстікте және орталықта тұман, түнде шығыста және орталықта -2°С үсік болады. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстікте 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
16 қыркүйекте түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысы
16 қыркүйекте шығысында жоғары өрт қаупі, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
16 қыркүйекте оңтүстігінде найзағай. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі болады.
Шығыс Қазақстан облысы
16 қыркүйекте түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман. Түнде солтүстікте және шығыста -2°С үсік болады.
Түркістан облысы
16 қыркүйекте солтүстікте, батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай, дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, аталған аймақтарда 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең найзағай. Желдің екпіні 15-20 м/с.