Қазақстанға Шавкат Мирзияев келе жатыр

Қазақстанға Шавкат Мирзияев келе жатыр
Былтыр желтоқсанда Өзбекстанның президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев осы уақытқа дейін әлі елден ұзап шыққан жоқ. Президент алғашқы сапарын Қазақстанға жасайтын болды деп жазады Oinet.kz.

Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов мәлім етті.
 "Қазіргі уақытта біз Өзбекстан президентінің Қазақстанға ресми сапарына байланысты дайындық шараларын тыңғылықты жүргізіп жатырмыз. Іс-сапар таяу араға жоспарланған. Бұл Өзбекстанның жаңа президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Менің ойымша бұл екі ел арасындағы әріптестікті нығайта түседі",- деді Раматов.

Іс-сапардың мерзімі әлі нақты белгілі емес. Болжам бойынша ол 22-23 наурызға жоспарланған.