2025 жылы Қазақстан банктері елге 2,7 млрд доллар қолма-қол валюта импорттаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ручная экономика телеграм арнасының мәліметінше, бұл – кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған дейін рекорд 2022 жылы тіркеліп, сол кезде банктер 3,9 млрд доллар әкелген.
Былтыр доллар жеткізудің ең жоғары көлемі төртінші тоқсанда байқалды. Дәл осы кезеңде теңге бағамы 500–550 теңге аралығында құбылып тұрды. Осы уақытта банктер шамамен 1 млрд доллар тасымалдаған.
Салыстыру үшін:
- 2024 жылы – 1,1 млрд доллар,
- 2023 жылы – 1,7 млрд доллар,
- 2022 жылы – 3,9 млрд доллар әкелінген.
Сарапшылар мұны банктердің айналымдағы валютаны жаңарту үдерісімен байланыстырады. Бұған дейін 2013 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі долларларды банктер 1–5% комиссиямен қабылдап келгені белгілі. Ал Ұлттық банк тарапынан бұл операциялар үшін небәрі 0,3% комиссия алынған.
