ҰҚК төрағасы сыйақы төлеу тәртібін нақтылайтын жаңа бұйрыққа қол қойды. Сыйақы мөлшері пара көлеміне немесе келтірілген залалдың сомасына байланысты болады. Белгілі болғандай, төленетін сыйақы 17 млн теңгеден асуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Хабарлама тексерілгеннен кейін өтінішті арнайы комиссия қарайды. Егер шешім оң болса, қаражат бір ай ішінде өтініш берушінің есепшотына аударылады.
Қызметтік міндетіне сәйкес жемқорлық туралы хабарлауға міндетті мемлекеттік қызметшілерге ақшалай сыйақы берілмейді. Оларға алғыс хат немесе құрмет грамотасы табысталуы мүмкін.
Жаңа ережелер 22 тамыздан бастап күшіне енеді.