2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банктердегі депозит көлемі тарихта алғаш рет 29 триллион теңгеден асты. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының деректерінде айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарапшылардың мәліметінше, бір айдың ішінде халықтың депозиттік жинағы 2,5 пайыз, ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайыз өскен.
Сонымен қатар елдегі жинақ нарығы әлі де жоғары деңгейде шоғырланған. Қазіргі таңда депозиттердің жалпы көлемінің 96 пайызға жуығы Қазақстандағы ең ірі он қаржы институтының шоттарында сақтаулы.