2026 жылдың басынан бері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 22 мыңнан астам өтінішті қараған., деп хабарлайды dalanews.kz.
Азаматтардың шағымы ең көп бөлшек және электронды саудаға, тұрмыстық қызмет көрсету саласына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен байланыс қызметтеріне қатысты түскен.
Тексеру қорытындысы бойынша елімізде 430 әкімшілік іс қозғалып, жалпы көлемі 12 млн теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар тұтынушыларға 405 млн теңгеден астам қаражатты қайтаруға көмектесілген.
Комитет төрағасы Болат Танабергеновтің айтуынша, Павлодар облысында тұрғындарға сапасыз косметика мен косметологиялық қызмет үшін 2,4 млн теңге қайтарылған.
Ал Жетісу облысында 10 адам сапасыз интернет пен байланыс қызметіне қатысты ақшасын қайтарып алған. Сотқа жүгінгеннен кейін тұтынушыларға 315 мың теңге өтемақы төленген.