Жылжымайтын мүлік пен жер телімдерінің иелері 2025 жылға есептелген мүлік салығын 1 қазанға дейін өтеуге міндетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төлемді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, банкоматтар мен терминалдар арқылы жүргізуге болады. Сондай-ақ банк бөлімшелерінің кассаларында қолма-қол төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Берешек сомасы банк қосымшаларындағы тиісті бөлімде көрсетіледі.
Салықты белгіленген мерзімде төлемеген азаматтарға 2 қазаннан бастап берешек туралы хабарлама жіберіледі. Одан кейінгі 30 жұмыс күні ішінде қарыз өтелмесе, салық бұйрығы рәсімделеді. Құжаттың талаптары бес күн ішінде орындалмаған жағдайда, берешекті өндіріп алу жеке сот орындаушыларына жүктеледі.