Қазақстандықтар ет, сүт және көкөністі көбірек тұтына бастаған

Қазақстандықтар ет, сүт және көкөністі көбірек тұтына бастаған
ЖИ: dalanews

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан тұрғындары негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін бұрынғыдан көбірек тұтынған. Әсіресе ет, сүт өнімдері, жұмыртқа және көкөніс тұтыну көлемі артқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір адамға шаққанда тоқсан ішінде 20,7 келі ет пен ет өнімдері, 58,1 литр сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ 54 дана жұмыртқа тұтынылған.

Сондай-ақ қазақстандықтар бір адамға шаққанда 18,7 келі көкөніс пен 3,6 келі балық және теңіз өнімдерін пайдаланған.

Ал дәнді дақылдар, жеміс-жидек, қант және бал тұтыну көлемі керісінше азайған.

Өңірлер арасында көкөністі ең көп тұтынған қала – Алматы. Мұнда бір тұрғынға шаққанда тоқсан ішінде 23,2 келі көкөніс тұтынылған.