Қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен мәреге бірінші болып жеткенімен, кейін оның нәтижесі жойылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
27 қыркүйекте өткен жарыста Тоқсанбаева жеңімпаз атанған еді. Алайда кейін спортшының жабдықтарына қатысты тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде оның көрсеткіші ресми түрде күшін жойды.
Бұл ақпаратты спортшы өзінің Instagram парақшасында растады.
«Осындай қысқа қуаныш сыйлағаным үшін кешірім сұраймын. Мен елге алтын медаль сыйлауды қатты қаладым. Бірақ Алланың жазуы басқа болды. Бұл жағдай мені арманымнан бас тартқыза алмайды. Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік. Соңғы сәтке дейін мен үшін жанын салған жандардың бәріне рақмет. Жеке жаттықтырушымнан бастап, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ұжымына және спорт министріне дейін қолдау көрсетті. Бүгін мені мың бөлікке бөлгендей болды», – деп жазды спортшы.
Қазақстандық атлет дисквалификацияланғаннан кейін марафондық қашықтықтағы спорттық жүрістен алтын медаль Қытай өкілі Данцзин Цюйцзунға берілді. Күміс жүлдені тағы бір қытайлық спортшы Ли Ма иеленсе, қола медаль жапониялық Юкико Уменоға бұйырды.