Қазақстандықтардың жеке деректері тарап кеткен оқиға: ҰҚК істі тергеп жатыр

Сағыныш Сардарова 30 шіл. 2025 15:42

Қазақстандықтардың жеке деректері тарап кеткен оқиғаға байланысты істі ҰҚК тергеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 208-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін 16 миллионнан аса қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті. Ақпаратты кибершабуылды талдау және тергеу орталығы растады.

Жабық каналдар арқылы тараған мәліметтердің ішінде азаматтардың толық аты-жөні, туған күні, Жеке сәйкестендіру нөмірі, жынысы, азаматтығы, телефон нөмірі, мекен жайы және басқалары бар.

Кейінірек Цифрлық даму министрлігі жағдайды толық тексеріп жатқанын мәлімдеді. Соңғы ақпарат бойынша мемлекеттік органдардың базаларына хаккерлер шабуылдамаған.

"Яғни осы жолы тарап кеткен мәліметтер жеке компаниялардың, микроқаржылық ұйымдардың базасынан алынуы немесе ескі ақпараттар жинақталып қайта жариялануы мүмкін" дейді министрлік өкілдері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар