Freedom Finance Global компаниясы Қазақстан Республикасындағы бос уақыт өткізу және ойын-сауық нарығын ауқымды зерттеуге бастама жасады. Зерттеу барысында ойын-сауық индустриясына қатысушылардың объекттеріне және қызметіне, сондай-ақ кейінгі жылы халықтың мінез-құлық артықшылықтарына талдау жасалды. Зерттеу барысында елдегі барлық өңірдің 16 жастан асқан 3 000-нан астам азаматына сауалнама жүргізілді.
Зерттеу барысында бос уақыт өткізудің кең таралған түрі – киноға бару. Кинотеатрға барудың негізгі себебі – респондентті қызықтыратын фильм (54,6%), достарымен (37,6%) немесе балаларымен бар (26,7%) бару. Орта чектің көлемі 2,5 мың теңге. Қазақстанда сеанстың орташа құны Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректері бойынша шамамен 1,8 мың теңгені құрайтынын ескере отырып, келушілердің басым бөлігі шағын қосымша сауда жасау (сусындар мен тамақ) топтамасына назар аударады. Респонденттердің арасында АҚШ-та (59%), екінші орында Қазақстанда (30,3%), содан кейін Ресейде шығарылған фильмдер (27,2%) үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда шығарылған фильмдерді деректер массиві бойынша 16-24 жас аралығындағы респонденттер (38,6%) және 61 және одан жоғары жастағы (39,7%) респонденттер; Шымкентте (44%) және 50-100 мың тұрғыны бар қалаларда тұратын (44%) респонденттер орташа есеппен алғанда айтарлықтай жиірек таңдап жатады.
Респонденттер аттракциондардың саябақтарына (кейінгі жылы 73,6%-ы барды) үлкен қызығушылық танытады. Оның ең үлкен себебі – балаларымен бару (40,7%), содан кейін достарымен немесе туыстарымен уақытты қызықты өткізу (36,1%) және нақты ойын-сауық саябағына қызығушылық (29,7%). Чектің ең үлкен сомасы тағы да 5 мың теңгені құрап отыр. Респонденттердің ең аз бөлігі 1 501-ден 2 000 теңгеге дейінгі (11,7%), ал ең көбі 3 001-ден 5 000 теңгеге дейінгі (24,3%) жауап нұсқасын таңдады.
Респонденттердің басым көпшілігі кейінгі жылы сауда-ойын-сауық орталықтарына барды (87,8%). СОО-ға барудың негізгі мақсаттары – сауда жасау (69,5%), демалыс және ойын-сауық (54,8%), СОО-ға туыстарымен/таныстарымен/әріптестерімен кездесу үшін (12,5%) немесе қандай да бір қызмет алу үшін (12,7%) сирек барады. Ойын-сауық мақсатында СОО-ға барғандардың, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі жай ғана қыдырады (59,1%) немесе ойын-сауық орындарына (54,5%) барады.
Респонденттер арасында поп-музыкалық концерттер жоғары танымалдылыққа ие (36,4%). Классикалық музыкалық концерттер (22,8%), рок- (19,1%), хип-хоп немесе рэп - концерттер (18,9%) және балалар концерттері (17,4%) респонденттерге бірдей қызығушылық тудырады. Музыкалық концертке бару үшін орташа чек 5 мың теңгені құрайды, шетелдік әртістердің концерттеріне билеттер 100 мың теңгеден асуы мүмкін екенін ескерсек, бұл салыстырмалы түрде аз.
Респонденттер көбіне драма театрларын (46%), балалар қойылымдарын (24,5%) және би/музыкалық шоуларды (22,8%) таңдайды. Мұндай мекемелерге барудың ең көп тараған себебі – респондентті спектакль (47,6%) қызықтырса, одан кейін достарымен немесе туыстарымен (33%) уақытты қызықты өтізу және балалармен бос уақыт (21,9%) өткізу қызықтырады. Билеттерді көбіне сеанс басталар алдында театр кассасында сатып алып жатады (44%), алайда билет сататын агрегаторлары да (ticketon.kz, zakazbiletov.kz) атап өткен жөн, олар сатып алу орындары жағынан екінші орынға шықты (20,5%). Театрға бару үшін орташа чек 3 мың теңгені құрады.
Кейінгі жылы кітапханаларға тым болмағанда бір рет барғандардың арасында деректер массиві бойынша орташа есеппен алғанда айтарлықтай көбірек (51,3%): 25-34 жастағы респонденттер (95,6%); 16-24 жастағы (69,3%) және 35-44 жастағы (56,1%) респонденттер; Шымкент қаласында (61,2%) және халық саны 50-100 мың тұрғынға дейінгі қалаларда (57,8%) тұратындар; кірісі орташа және жоғары субъективті респонденттер («Біз негізгі тұрмыстық техниканы кредитсіз сатып ала аламыз» – 55,7% және «Керек болған жағдайда пәтер сатып ала аламыз» - 74,5%).
Мұражайлардың ең жиі баратын түрлері - тарихи (45,2%), өлкетану (25%) және көркемдік (23,9%). Барудың негізгі себептері – респонденттерді қызықтыратын көрмелер (44,9%), достарымен және туыстарымен бірге бос уақыт өткізу (28,2%) және балаларымен уақыт өткізу (25,7%).
Кейінгі жылы әрбір төртінші қазақстандық Қазақстан бойынша қандай да бір мәдени іс-шараға қатысу мақсатында тым болмағанда бір рет сапарға шықты, бірақ мұндай мақсатпен шетелге сапарға шыққандар айтарлықтай аз болды, олардың үлесі 15,7%-ды құрайды.
Респонденттер қандай да бір мәдени шараларға қатысу үшін барған елдердің арасында көшбасшы орында, сөзсіз, Ресей болды (44,7%). Үздік үштіктер құрамына Өзбекстан (19,7%) және Қытай (14%) кірді. Басқа елдердің арасында респонденттер көбіне Түркияны (23,1%), Таиландты (10,3%), Германия мен АҚШ-ты (әр жағдайда 7,7%-дан) атап өтті.
«Зерттеу жүргізу кезінде кинопрокаттың айқын статистикасы белгіленді. Біріншіден, кейінгі жылы келушілер саны тарихи ең жоғары деңгейлерге жетті, бұл Қазақстанда бос уақыт өткізудің осы түрінің дамып жатқанын білдіреді. Кинопрокат саласындағы кірістер 11 жыл ішінде 3,7 есеге, яғни 37 миллиард теңгеге дейін өсті, бұл да тарихи ең жоғары деңгей болып табылады. Екіншіден, фильм түсіру индустриясындағы көрсеткіштер де жақсы, деректерге сәйкес шамамен үштен бір бөлігі жергілікті фильмдерді көреді, бұл сандар респонденттердің жауаптарымен де сәйкес келеді.
Тоқырау көбіне театрларда байқалады, Ұлттық статистика бюросы жүргізген есепке сәйкес, олардың саны 11 жыл ішінде өзгерген жоқ . Сондай-ақ, жаңа қойылымдардың саны да өзгеріссіз қалып отыр. Біз бос уақыт өткізудің «ең отбасылық» түрі деп атаған ойын-сауық саябақтарынан айырмашылығы, театрларды романтикаға толы жер деп атауға болады, олардың респонденттері көбінесе жұптарымен (41,4%) келеді», – Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.