Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 24 мау. 2025 10:36

2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша демалыс алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Алайда 2025 жылы бұл күн жексенбіге сәйкес келетіндіктен, “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңға сәйкес демалыс дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша бес күндік жұмыс аптасындағылар 5, 6 және 7 шілде күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) қатарынан үш күн демалады.

Алты күндік жұмыс кестесі бар азаматтар үшін 5 шілде – жұмыс күні, ал 6 және 7 шілде – демалыс болып есептеледі.

Айта кетейік, 6 шілде күні елдің барлық өңірінде ауқымды мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе Астанада түрлі концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер мен көрмелер өтуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар