Қазақстандықтар құмар ойындарға триллиондап ақша тігіп жатыр

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2026 10:04

Қазақстанда 2025 жылы казино мен букмекерлік кеңселердегі ставкалардың айналымы шамамен 4,7 трлн теңге болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда құмар ойындар мен бәс тігу саласында көрсетілген қызмет көлемі 473,4 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Статистикада тек операторлардың ойыннан түсетін табысы ғана есепке алынған. Егер букмекерлік нарықтағы орташа маржа шамамен 10 пайыз деп есептелсе, онда 2025 жылы ставкалардың жалпы айналымын шамамен 4,7 трлн теңге деп бағалауға болады.

Алдыңғы жылдардағы көрсеткіштер мынадай:
– 2022 жыл – шамамен 5,5 трлн теңге;
– 2023 жыл – шамамен 3,7 трлн теңге;
– 2024 жыл – шамамен 4,8 трлн теңге.

2023 жылы қызмет көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған. Мәселен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 553,7 млрд теңге болса, 2023 жылы 368,7 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Сарапшылардың пікірінше, белсенділіктің бір бөлігі офшорлық және лицензияланбаған онлайн-платформаларға, сондай-ақ статистикада есепке алынбайтын өзге де схемаларға ауысқан болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove