Қазақстандықтар қашан зейнетақы жинағына тіс емдей алады?

Сағыныш Сардарова 11 қыр. 2025 18:04

"Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сондықтан осы мәселеге байланысты бірқатар жиын өткізіліп, нәтижесінде 15 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 15 сәуірге дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылған.

"Осы күнге дейін берілген өтініштер әдеттегі тәртіппен қаралады", - деді банк өкілдері.

Осы уақыт аралығында банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тіс емдеуге зейнетақы ақшасын пайдалану барысында алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін тиімді жүйе әзірлемек.

2021 жылдан 2025 жылғы 20 тамызға дейін Отбасы банкінің enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тек "Стоматологиялық қызметтер" бағыты бойынша 757 млрд теңгеге 795 424 транзакция жасалған.

Соның 222,61 млрд теңгесі ТОП-20 стоматологиялық клиникаға түскен. Бұл клиникалардың жартысы Атырауда, қалғандары Алматы мен Астанада орналасқан.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар