Қазақстандықтар орташа қанша жалақы алып жүргені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 10 ақп. 2025 14:18 1350

Қазақстандағы орташа және медианалық жалақы көлемі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында:
  • Медианалық жалақы – 308 717 теңге,
  • Орташа жалақы – 434 982 теңге.
III тоқсанмен салыстырғанда, медианалық жалақы 269 378 теңгеден 308 717 теңгеге дейін өсті, ал орташа жалақы 390 328 теңгеден 434 982 теңгеге дейін көтерілді.
 
2023 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда жалақы 10,5%-ға өсті, ал инфляцияны ескергенде, нақты өсім 1,8%.
 
Жалақының артуы еңбекақы қорының ұлғаюымен, жылдық бонустар мен мерекелік сыйақылардың берілуімен байланысты.
 
Сала бойынша ең жоғары өсім:
  • Ақпарат және байланыс – +32,8%
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – +22,7%
  • Жылжымайтын мүлікпен операциялар – +20,3%
Аймақтар бойынша жалақы өсімі
 
2024 жылдың IV тоқсанында 2023 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда ең жоғары жалақы өсімі:
  • Алматы және Шымкент қалаларында – +13,6%
  • Қарағанды облысында – +13,2%
  • Солтүстік Қазақстан облысында – +12,9%
  • Ақтөбе облысында – +12,6%
Медианалық және орташа жалақының айырмашылығы
  • Медианалық жалақы – барлық қызметкерлерді екі тең топқа бөледі: бір жартысы осы сомадан аз табыс табады, ал екінші жартысы көп табады. Бұл көрсеткіш шамадан тыс жоғары немесе төмен жалақылардың әсерін ескермейді, сондықтан нақты “орташа” табысты көрсетеді.
  • Орташа жалақы – барлық қызметкерлердің жалақысы қосымша төлемдер, үстемақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып есептеледі. Ол жалақы қорының жалпы сомасын жұмысшылар санына бөлу арқылы анықталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар