Қазақстандықтардың доллармен жинақ сақтау үлесі соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Dala News.
DATA HUB Telegram-арнасы жариялаған мәліметке сәйкес, Ұлттық банк тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 48%-ы долларды жинаққа арналған негізгі валюта ретінде таңдаған. Бұл көрсеткіш 2016 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, бір жылдың ішінде доллардың танымалдығы 16,2 пайыздық тармаққа артқан.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ақша жинайтын қазақстандықтардың үлесі 25,4%. Олардың:
•69,5%-ы қаражатын банктік депозитте сақтайды;
•35,6%-ы ақшаның бір бөлігін қолма-қол ұстайды;
•21,7%-ы жылжымайтын мүлікке инвестиция салады;
•11%-ы бағалы қағаздарға қаржы құяды.
Айта кетерлігі, сауалнама қатысушылары бірнеше жауап нұсқасын таңдаған.
Соған қарамастан, қолма-қол ақшаны сақтау бойынша теңге әлі де басым валюта болып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың:
•83,7%-ы ақшасын теңгемен сақтайды;
•12,5%-ы еуромен;
•5,8%-ы ресей рублімен.
Сарапшылар долларға қызығушылықтың артуы теңгенің нығаюы аясында болып жатқанын атап өтеді. Ақпанда АҚШ валютасының ресми бағамы 489,17 теңгеге дейін төмендеп, 2025 жылғы наурыздан бергі ең төмен деңгейге жеткен.
Жалпы алғанда, теңге бес ай қатарынан нығаю үрдісін көрсетіп келеді, ал ақпанда доллардың орташа бағамы шамамен 497,56 теңгені құрады.
