Қазақстандықтар дәрі-дәрмекке артық ақша төлейді - агенттік

Сағыныш Сардарова 30 қыр. 2025 17:46

Қазақстандықтар дәрі-дәрмекке артық ақша төлейді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік мәліметінше, Қазақстанда өндірілген кейбір препараттар шетелдік жетекші өндірушілердің баламалы препараттарынан 2–3 есе қымбат, ал КТМҚК мен МӘМС аясында сатып алынған препараттар мемлекетке көтерме және бөлшек нарықтағы бағадан жоғары түскен.

"Сатып алынатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың көлемінің кемінде 45%-ы "СК-Фармация" ЖШС тарапынан тікелей өндірушілерден емес, отандық дистрибьюторлардан ("Медсервис Плюс КФК" ЖШС, "Ақниет" ЖШС, "Стофарм" ЖШС, Knyaz Pharma ltd, "Р-Фарм Қазақстан" ЖШС, "Swixx Biopharma" ЖШС, "Ново Нордикс Қазақстан" ЖШС, "Inkar" ЖШС, "Такеда Қазақстан" ЖШС, "ОАД-27" ЖШС) сатып алынып жатыр. Мұндай функцияларды үшінші тұлғаларға беру қымбатшылық тәуекелдерін тудырады", - деді агенттік өкілдері.

Осы бағыттағы мәселелерді шешу үшін агенттік Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар ұсыныс жолдаған. Олардың ішінде баға белгілеу нормаларын қайта қарау және ең жоғары бағаларды бағдар ретінде қолданудан бас тарту, инспекция қызметін мемлекеттік монополияға енгізу, тауарларды тікелей өндірушілерден сатып алу үлесін арттыру, жеткізушілер мен өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу кезінде шығындарды белгілеу және сараптау бар.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар