Қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 14 қар. 2024 11:00 1979

Психотроп заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Бас прокуратураға сілтеп.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірі мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Астанада 2022 жылы желтоқсанда полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшық, аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды.

"Биыл қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар