Қазақстандық журналист Андрей Чеботарев Украинаның "жауларының" тізіміне енді деген ақпарат тарады. Оның деректері "Миротворец" сайтының базасына енгізілді деген де ақпарат бар, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дереккөз мәліметіне сүйенсек, Андрей Чеботарев Ресейдің "Ритм Евразии" атты пропагандалық басылымының штаттан тыс тілшісі екені айтылады, онда Қазақстанның ішкі саясатына қатысты мақалалар да жарияланады екен. Чеботарев ТМД елдері туралы тапсырыспен материалдар жазатыны туралы да деректер бар.
"Чеботаревтің бұл тізілімге қосылуы оның Украинаға қарсы ақпараттық операцияларға белсенді қатысуына байланысты болып отыр. Сонымен қатар, журналист Қазақстан, Украина және ТМД-ның басқа мемлекеттеріне қатысты ақпаратты манипуляциялауға маманданған "Бараева", "ТМД компроматы", "Взгляд на Восток" және т.б. сияқты бірқатар арна арқылы жалған ақпарат таратумен жүйелі түрде айналысады", - деп жазылған kazpress.kz дерегінде.
Сонымен қатар, тізімге "Ритм Евразии" басылымының басқа қызметкерлері де енген деген ақпарат бар. Олардың ішінде Рубцов Юрий, Намовир Илья, Морозов Антон секілді журналистер аталады.