Тергеушілер әзіргі таңда Тордуаның өліміне түрткі болған жайттарды анықтау үстінде. Грузияның Ішкі істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты анық-қанық ақпарат беретінін хабарлады.
Айта кетелік, қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаева күдікті Бесик Тордуаның Грузиядағы үйінің терезесінің түбінде өлі табылды. Онда ол алыс туысының шақыруымен жұмысқа барған. "Бұл өте өрескел қателік болды" деген еді марқұмның туыстары.
Әселдің әпкесінің айтуынша, ол әрқашан шетелде өмір сүруді армандаған. Өз пәтеріне ақша жинағысы келген. Қыз үйіне табытпен оралады деп ешкім ойламаған.
Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, үркітіп-қорқытқанын айғақтайтын аудио жазба жіберген.
Әсел Айтпаева бөгде елге өзінің алыс туысы болып келетін Мұрат Мейірбековтың шақыруымен барған. Мейірбеков оған жақсы жұмыс тауып беруге уәде еткен. Қазіргі күні ол бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауда отыр.
Іс бойынша күдіктілердің қатарында Грузия азаматы Бесик Тордуа (суретте) да болды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Бұдан бұрын Грузия Ішкі істер министрлігі Тордуадан тергеу барысында алынған жауаптың көшірмесін жариялаған.
"Не болғанын түсінбей де қалдым. Дереу балконға жүгірдім, төменге қарасам Әселдің денесі жерде жатыр. Байқаусызда құлады ма, әлде секіріп кетті ме, анық айта алмаймын. Әселмен жыныстық қатынасқа түскендіктен, күдіктіге айналатынымды білдім", - деген еді ол.
Тордуаның айтуынша, ол үйіне оралып, заттарын жинастырып, Зугдиди қаласына кетуге шешім қабылдаған. Ол қызды "қорқытпадым, қорламадым, физикалық күш қолданбадым" деп мәлімдеген.
Тордуаның өліміне қатысты Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша, Әсел адам саудасының құрбаны болған.
Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауына алды.