Жамаубаев егер блогерлердің жұмысы кәсіпкерлікпен байланысты болса, салық төлеуге мідетті екенін атап өтті.
"Мұндай жағдайда қарастырылатын арнайы салық режимдері бар. Олар 1 пайыздан 4 пайызға дейін. Егер де блогерлердің жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, оларға ешқандай сұрақ туындамайды және салық төлемейді", - деді Жамаубаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық блогерлердің тізімі қыркүйек айынан бастап Ақпарат министрлігі кірістер комитетіне берілетінін хабарлаған еді. Бұл арқылы әлеуметтік желіде жалған ақапарат таратқан инста-жұлдыздарына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылды. Сонымен қатар кәсіпкер ретінде тіркелгендер де салық төлейтіні ескертілді.