Қазақстандық әлем чемпионы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2025 11:20 1663

Қазақстандық әлем чемпионы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.
Ақтаудан шыққан танымал спортшы, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы Ильдар Ягьяев шетелге жұмыс істеуге кетіп, Ұлыбританиядан саяси баспана сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, бәрі оның Ұлыбританияға қырыққабат жинауға кеткені туралы материалдар жариялана бастағаннан соң басталған. 

«Мен саяси баспана ретінде қорғаныс сұрадым, себебі Қазақстанда менің өміріме қауіп төніп тұр,қоқан-лоқылар болды. Барлығы шілде айында, БАҚ-тарда белгілі "спортшының Англияға қырыққабат жинауға кеткені туралы" ақпарат тараған кезде басталды. Содан кейін маған түрлі нөмірлерден қоңырау шала бастады, әлеуметтік желілерде жазып, түсініксіз адамдар үйіме және жұмыс орныма іздеп келетін болды», – деп мәлімдеді Ильдар.

Ильдардың айтуынша, екі жылдың ішінде  Ұлыбритания бірнеше жұмыс орнын ауыстыруға тура келген, бастапқыда ол егістікте жұмыс істеген.

«Мен футбол матчтарында стюард болдым, лейбор (қара жұмысшы – авт. ескертпе) ретінде жұмыс істедім, Макдональдста істедім. Заңсыз жұмыс табу қиын. Маған саяси баспана беру мақұлданғаннан кейін жақсырақ жұмыстар шығуы мүмкін – достарым ұсыныстар жасап жатыр. Себебі Қазақстанда танымал жылдам тамақтану желілерінің директоры болып жұмыс істегенмін», – деп бөлісті Ильдар Ягьяев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар