2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) орта есеппен 3338 АҚШ доллар болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өңірлер арасындағы көрсеткіш айтарлықтай ерекшеленеді. Ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында тіркелсе, ең төменгісі Түркістан облысына тиесілі. Екі өңір арасындағы айырмашылық 8,4 есеге жеткен.
Сонымен қатар, Ұлытау облысы бұл көрсеткіш бойынша елорданы басып озып, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі Астанадан 1000 доллардан астам жоғары болды.
2026 жылдың І тоқсанындағы өңірлер бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ:
Атырау облысы – 8890 доллар
Алматы қаласы – 6439 доллар
Ұлытау облысы – 6209 доллар
Астана – 5170 доллар
Қарағанды облысы – 4156 доллар
Павлодар облысы – 3881 доллар
Шығыс Қазақстан облысы – 3801 доллар
Батыс Қазақстан облысы – 3434 доллар
Абай облысы – 3004 доллар
Қостанай облысы – 2857 доллар
Маңғыстау облысы – 2834 доллар
Ақтөбе облысы – 2806 доллар
Ақмола облысы – 2508 доллар
Солтүстік Қазақстан облысы – 2409 доллар
Шымкент қаласы – 2092 доллар
Алматы облысы – 2031 доллар
Қызылорда облысы – 1499 доллар
Жетісу облысы – 1427 доллар
Жамбыл облысы – 1263 доллар
Түркістан облысы – 1057 доллар
Осылайша, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша көш басында Атырау облысы тұрса, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді.