Алматыда елдегі алғашқы крематорийдің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Креметорий толыққанды жұмысын мамыр айының басында бастайды.
Жаңа крематорийде тәулігіне 16-ға дейін мәйітті кремациялауға мүмкіндік бар. Пештердің температурасы 550 градусқа дейін қыздырылады.
Кремация қызметінің құны шамамен 240 мың теңге болмақ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, кремациядан кейінгі күлді шашуға рұқсат етілмейді, оны тек жерлеу қажет.
Сондай-ақ кремация рәсімін өткізу үшін адамның тірі кезінде жазбаша түрде берген келісімі болуы міндетті.
Айта кетейік, бұл - Қазақстандағы алғашқы крематорий. Ол 2021 жылы салынған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз крематорий қала әкімдігіне берілді.