Мұнай бағасы Трамптың мәлімдемелерінен кейін 120 доллардан асты

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2026 10:56

Әлемдік мұнай бағасы күрт өсіп, соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейіне жетті. Сауда қорытындыларына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2022 жылдың маусымынан бері алғаш рет 120 доллардан асты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баға бір сәтте 122 долларға дейін көтерілген. Нарықтағы өсім Дональд Трамптың Иранға қатысты мәлімдемесінен кейін басталды. Ол Тегеран «ядролық келісімге» келіспейінше, блокада сақталатынын айтқан.

Осы мәлімдемелерден кейін нарық қатысушылары Таяу Шығыстағы қақтығыс ұзаққа созылуы мүмкін деген тәуекелдерді есепке ала бастады. Бұл өз кезегінде энергетика секторына қысымды күшейтті.

Жағдайды Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз тасымалының қысқаруы да ушықтырды. Бұл — Парсы шығанағынан мұнай мен сұйытылған газ жеткізілетін негізгі бағыттардың бірі.

Шикізатты тасымалдаудағы шектеулер әлемдік нарықта тапшылық болуы мүмкін деген алаңдаушылықты арттырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove