Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімі қысқарады
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа ережеге сәйкес, төлемдерді алу мерзімі қысқарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін жұмыссыздық бойынша төлемдер азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай алты айға дейін тағайындалатын. Енді пилоттық жоба аясында бұл мерзім үш айға дейін қысқартылады.

Жәрдемақы мөлшері азаматтың жоғалтқан табысының 45 пайызына дейін есептеледі. Алайда төлем көлемі еңбек өтіліне байланысты коэффициентті ескере отырып, жеті ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

Әлеуметтік төлем алу үшін азамат алдымен мансап орталығына тіркеліп, ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алуы қажет. Жаңа өзгерістердің мақсаты – еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру және азаматтарды жұмысқа орналасуға ынталандыру екені атап өтілді.