Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

Көркем Алдабергенова 21 ақп. 2025 15:45 834

Қазақстанда зейнетақы, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ,атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегінің көлемі ұлғаяды. Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, сондай-ақ, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

"Заң бойынша инфляция деңгейіне сәйкес зейнетақы мен бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын индексациялауымыз қажет. Біз бұл міндетті орындаймыз. 20 пайыздық мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болса, 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард теңге болады. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті арттырамыз. Қазір ол 200 мың адамға 40-45 миллиард теңге көлемінде. Ал тұрғын үй көмегіне келсек, тарифтердің өсуіне байланысты оны да ұлғайтып, өтейміз", – деді Жұманғарин.

Айта кетейік, 20 ақпанда Парламент Салық кодексі жобасына түзетулерді қарауға қабылдады.

Жаңа өзгерістерге сәйкес мынадай түзетулер енгізілді:

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендету;
кейбір салалар үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемені белгілей отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайту.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар