Қазақстанда жаяу жүргіншілерге жауапкершілік күшейтіледі

Қазақстанда жаяу жүргіншілерге жауапкершілік күшейтіледі
ашық дереккөз

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елде орнатылған барлық камераның жұмысын тексеріп шығуды тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы жаяу жүргіншілерге қатысты оқиғаларға бөлек тоқталды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдарға жауапкершілікті қатаңдату тапсырылды. 

"Әкімдіктерге осындай учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Әсіресе, білім беру ұйымдары маңында кері санау таблосы бар заманауи бағдаршамдар орнатуды қамтамасыз ету қажет", - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр жаңадан көлік жүргізе бастағандарға да ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Көбіне олар жағдайды және өз мүмкіндігін дұрыс бағаламау, сондай-ақ, жол ережелерін сақтамау салдарынан жол апатына ұшырап жатады.