Қазақстанда инфляцияны есептеу тәсілі өзгереді

Самал Асқар 30 қаң. 2026 15:08

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда инфляцияны есептеу әдістемесі жаңартылады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа тәсілге сәйкес, инфляцияны есептеу кезінде дәстүрлі түрде дүкендер мен онлайн платформалардағы баға мониторингімен қатар, фискалдық чектердің деректері де пайдаланылады. Бұл халықтың нақты тұтыну құрылымы мен шынайы бағаларды дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңартылған әдістеме Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан сараптамадан өтіп, оң бағасын алған. Есептеулерге 60 миллионнан астам фискалдық чек деректері тартылған, бұл баға бойынша бақылау ауқымын едәуір кеңейтеді.

Мұндай тәжірибе бүгінде бірқатар Еуропа елдерінде қолданылады. Қазақстан үшін бұл қадам инфляция көрсеткіштерін неғұрлым жедел әрі сапалы қалыптастыруға, сондай-ақ ресми статистиканың нақтылығын арттыруға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove