2023 жылдан бері Қазақстандағы тұрғын үй бағасы доллармен есептегенде 15,05 пайызға, ал теңгемен есептегенде 25,14 пайызға өскен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елордада қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 2023 жылғы маусымдағы 1341 доллардан 2026 жылы 1491 долларға дейін көтерілген. Өсім - 11,15 пайыз.
Ал Алматыда бір шаршы метрдің бағасы 1369 доллардан 1536 долларға дейін өсіп, 167 долларға немесе 12,2 пайызға қымбаттады.
Шымкентте жағдай керісінше. Тұрғын үй бағасы доллармен есептегенде 0,1 пайызға төмендеді. Бір шаршы метрдің құны 8 долларға арзандап, 946 доллар болды.
Теңгемен есептегенде тұрғын үй бағасы Атырау қаласында өскен. Мұнда бір шаршы метрдің құны 52,14 пайызға өсіп, 506 464 теңгеге жетті.
Екінші орында Павлодар тұр. Бұл қалада тұрғын үй бағасы 31,03 пайызға өсіп, бір шаршы метрі 463 923 теңге болды.
Үштікті Түркістан түйіндеді. Мұнда бір шаршы метрдің бағасы 28,54 пайызға өсіп, 381 952 теңгеге жетті.