Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға бір тәулік қалды. 22 тамызда "тыныштық күні" басталды. Бұл күні сайлауалды үгіт жүргізуге, партиялар мен кандидаттар туралы үгіт сипатындағы материалдарды жариялауға және сайлаушыларды белгілі бір таңдау жасауға шақыруға тыйым салынады, деп хабарлайды dalanews.kz.
23 тамызда Қазақстанда бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Жаңа Парламент құрамына 145 депутат бес жыл мерзімге сайланады. Кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен оның үш орынбасарын сайлайды. Жаңа Парламент қалыптасқан соң Үкімет өз өкілеттігін Құрылтай алдында тоқтатады.
22 тамызда кез келген сайлауалды үгітке тыйым салынады. Кандидаттар мен партияларды қолдап дауыс беруге шақыруға, үгіт жарнамасын таратуға болмайды.
Тыйым тек партиялар мен кандидаттарға емес, барлық азаматқа да қатысты. Сондықтан әлеуметтік желіде үгіт материалдарын қайта жариялауға болмайды. Ал "тыныштық күніне" дейін жарияланған жазбаларды өшіру талап етілмейді.
Бұл талапты бұзғандарға 15-тен 35 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2026 жылы бұл 55 380-нан 129 220 теңгеге дейін жетеді.