Қазақстанда тұрғын үй енді жаңа ережелер бойынша беріледі

Көркем Алдабергенова 16 мау. 2025 18:00

2025 жылдан бастап Қазақстанда жаңа тұрғын үй нарығындағы ережелер өзгереді. Парламент үлестік құрылысқа бақылауды күшейтетін заңды қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңға қол қойылғаннан кейін не өзгереді:

  • Құрылысқа рұқсат алынғанға дейін пәтерлер мен коммерциялық үй-жайларды алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасауға тыйым салынады;
  • Егер құрылыс салушының үлескерлерден ақша тартуға құқығы болмаса, жаңа құрылыс нысандарын жарнамалауға болмайды;
  • Әкімдіктер құрылысқа ақша кімнен және қалай жиналып жатқанын бақылап отырады;
  • Рұқсатсыз тұрғын үйлердегі пәтерлерге ипотека рәсімдеуге тыйым салынады;
  • Барлық есеп айырысу тек қолма-қол емес жолмен жүргізіледі – көлеңкелі схемаларды болдырмау үшін;
  • Құрылысты аяқтау мерзімін ұзарту уақыты қысқарады – бұрын 9 ай болса, енді ең көбі 5 ай ғана.

Сондай-ақ ынталандыру шаралары енгізіледі: үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін құрылыс салушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі, акиматтың рұқсатын алған соң үлескерлердің ақшасын бірден пайдалануға мүмкіндік беріледі, құрылыс салушының жарғылық капиталына қойылатын талап 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетіледі.

Үлескерлерді қолдау орталығы құрылуы жоспарланып отыр – бұл заң жобаларының заңдылығына және салымдардың қауіпсіздігіне қатысты ақпарат беретін консультативтік орган болады.

Бұрын келісім үлескер мен құрылыс салушы арасында жасалатын болса, енді оларға банк-агент пен арнайы жобалық компания қосылады. Осылайша, Krisha.kz мәліметінше, мәміле төрт тараптың қатысуымен жасалады. Бұл ретте құрылыс салушы үлестік құрылысқа өзі тікелей қатыспайды, жобаны іске асыратын жеке жобалық компания құрады.

«Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу, автожолдар және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері туралы» заң әлі толық қабылданған жоқ. Оны қабылдау үшін Президенттің қол қоюы қажет.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар