Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жыл басынан бастап 1 террорлық шабуыл ұйымдастырылмақ болғанын, оның алды алынғанан хабарлады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҰҚК мәліметінше, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталған. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеген.
Одан бөлек, елге тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді.