Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады
Фото: Pixabay

Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды dalanews.kz.

1 тамыздан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін оның ең төменгі құны 970 теңге болған.

Жаңа ең төменгі баға 2026 жылдың соңына дейін қолданыста болады.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы тағы өсіп, бір қорабы 1120 теңгеге жетеді.