Қазақстанда ым тіліне ресми мәртебе берілуі мүмкін. Мәжіліс депутат Екатерина Смолякованың бастамасын қолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгінде Қазақстанда мұндай азаматтардың саны 30 мыңнан асады, оның 5 мыңы - балалар. Мәжілістің жұмыс тобында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған маңызды бастама қолдау тапқан.
Өткен аптада депутат Екатерина Смолякова осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Ал маңызды норманың бастамашысы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау болды. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында ол есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарды қолдауға қатысты түзетулер енгізген.
"Осы уақытқа дейін ым тілі заңнамалық деңгейде толыққанды бекітілмеген еді. Құрғақ сандардың артында әрқашан адамдардың тағдыры тұр", — деді Екатерина Смолякова.
Ол бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын да жеткізді.
Бүгін депутаттар Үкіметтен ұсынылған түзетулерге қолдау білдірген қорытынды алған. Мәжілістің жұмыс тобы бұл бастаманы бірауыздан мақұлдаған.