Қазақстанда сауда қарқыны бәсеңдеді

Қазақстанда сауда қарқыны бәсеңдеді
Фото: ЖИ

Қазақстанда сауда саласындағы өсім былтырғыдан бәсеңдеген. Биыл жыл басынан бері сауда көлемі 5,9%-ға ұлғайса, 2025 жылдың осы кезеңінде өсім 8,6%-ды құраған. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әсіресе көтерме саудадағы өсім айтарлықтай төмендеген. Былтыр 11,4% болған көрсеткіш биыл 6,7%-ға дейін түсті. Мамандар мұны кәсіпорындар арасындағы тауар айналымының бұрынғыдай қарқынды жүрмей жатқанымен байланыстырады.

Бөлшек саудада да өсім баяулаған. Былтыр 6,6% болған көрсеткіш биыл 4,1%-ды құрады. Яғни халықтың дүкендер мен сауда орындарындағы сатып алу белсенділігі бұрынғыға қарағанда баяу өсіп келеді.