Қазақстанда құрастырылған көліктер Тәжікстанға тасымалданады

Dalanews 29 қаз. 2018 04:04 865

Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары Кеңесінің жұмысы шеңберінде Душанбе қаласында (Тәжікстан) Қазақстан мен Тәжікстан Премьер-министрлері Б. Сағынтаев пен К. Расулзода «Манеж» көрме ортағының аумағына барды, мұнда Тәжікстанға экспортталатын қазақстандық өндірістің автомобильдердің үлгілерін қарап шықты.

Үкімет басшылары «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қолдауымен Қазақстаннан Тәжікстанға экспортталатын автотехниканың үлгілерін қарады. Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арифханов қатысты.

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында жиналатын қазақстандық автомобильдер тәжік нарығының сеніміне ие болды. Отанымызда құралған JAC S3 қалалық кроссоверлері Душанбе қаласының таксопаркін толықтырды, ал Алматы облысында шығарылған Hyundai County маркалы қазақстандық автобустар автобус паркін кеңейтуге бағытталды.

 AllurGroup компаниясы (құрамына «СарыарқаАвтоПром» және «АгромашХолдинг» өндірістік алаңдары кіреді) KazakhExport-тың қолдауымен Тәжікстанға 150-ден астам автомобильдер жіберді.


 Кроссоверлер «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-мен келісімшарт шеңберінде Душанбе қаласындағы  муниципалдық таксопаркті толықтыру үшін жіберіледі. Мәмілені «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе жалпы 1 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша іске асырады.

Кроссоверлерден кейін Алматы облысындағы «Hyundai Trans Auto» ЖШС-нің өндірістік алаңында шығарылған 300 автобус топтамасы жалпы 19 АҚШ млн долларынан астам сомаға экспортталады.

Экспорттық сауданы қаржыландыру қазақстандық автоөндірушіге автомобильдер экспорттауға және жөнелтуден кейін дереу төлемін алуға, ал тәжік сатып алушысына арзан және үздіксіз қаржыландыру түріндегі төлем мұрсатын алуға мүмкіндік береді.

Жалпы құны 10,5 млн доллар болатын 1000 дана JAC автомобильдерін жеткізу келісімшартын «Аллюр» КТ» АҚ мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» 2017 жылғы көктемде жасасты. Тәжік жағының өкілдері қостанайлық кроссоверлердің сұранысқа ие өтімділігін және бағасының қолжетімділігін жоғары бағалап отыр.

Өз кезегінде, «Аллюр» КТ» АҚ-да тәжіктің көлік холдингімен мәміле Қазақстанның автомобиль саласының экспорттық әлеуетін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

 

«Қала мен Дала» анықтамасы:


Картинки по запросу KazakhExport экспорт

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар