Қазақстанда қасқыр мен шибөріні атуға рұқсат берілмек

Сағыныш Сардарова 01 қаң. 2026 15:00

Қазақстанда 2026 жылы қасқырлар мен шибөрілерді атуға рұқсат етілген лимит бекітілді. Биологиялық негіздемені Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыртқыштарды атуға арналған рұқсаттар 5 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.

Комитет мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында үй жануарларына шабуыл тіркелген жағдайда ғана қасқыр мен шибөріні атуға рұқсат етіледі.

Рұқсат алу процесі толық автоматтандырылған. Өтінішті elicense.kz порталы арқылы онлайн түрде беруге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар