Қазақстанда 2025 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Dala News.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес,соңғы жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен. Мәселен, 1991 жылы қазақстандықтар орта есеппен 67,6 жыл өмір сүрсе, 2001 жылы – 65,6, 2011 жылы – 68,98, ал 2021 жылы – 70,23 жыл болған. Осылайша, үш онжылдық ішінде өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артқан.
Министрлік мұндай өсімді ең алдымен жұқпалы емес аурулармен күрес бағдарламаларымен байланыстырады. Соның нәтижесінде Қазақстан бұл аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендетіп, ДДСҰ-ның Еуропалық өңіріндегі осындай нәтижеге қол жеткізген елдердің алғашқы ондығына енген.
