Қазақстанда неше бас жылқы бар?

Сағыныш Сардарова 01 қаң. 2026 16:14

Қазақстанда неше бас жылқы бар? Dalanews.kz деректерге шолу жасады.

2025 жылғы алғашқы алты айда елде ірі қара мен жылқы саны айтарлықтай артқан. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сиыр 8,8 млн, ал жылқы 4,7 млн басқа жеткен.

Сонымен қатар, Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бестікке енген. Бұл туралы World Population Review ұйымының 2025 жылғы рейтингінде айтылған.

Тізімнің көш басында Мексика тұр: елде шамамен 6,5 миллион жылқы бар. Екінші орында АҚШ (6,3 млн), үшінші орында Бразилия (5,8 млн). Азия елдері арасында Қазақстан мен Моңғолия бірінші орынды бөлісіп отыр: екі елде де 4,8 миллион жылқыдан тіркелген. Одан кейін Қытай тұр, онда 3,7 миллион жылқы бар.

Зерттеу авторларының мәліметінше, Моңғолия, Қазақстан және Қытайдағы жылқы саны 2023 жылдан бері тұрақты күйінде сақталып отыр.

Елде жылқы саны ең көп өңір - Түркістан облысы (508 810 бас). Екінші орында Абай облысы (456 492) тұр, ал үздік үштікті Қарағанды облысы (449 048) түйіндейді. Ең аз жылқы Атырау облысында тіркелген: 149 263 бас.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар