Грузиялық саясаткер Леван Варшаломидзе әуежайда шекарадан өтіп бара жатқан кезде ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресей прокуратурасы оған Украин билігіне кеңесшілік қызмет көрсетуіне байланысты айып таққан.
«Ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшісі Леван Бежашвили бұл қылмыстық істің негізсіз екенін айтып, Варшаломидзенің экстрадициялануына алаңдаушылық білдірді.
Orda.kz мәліметінше, Леван Варшаломидзе әуежай арқылы шекарадан өту кезінде ұсталған.
«Біз Ресейден Леван Варшаломидзеге қатысты қылмыстық іс бойынша және оның Украина билігімен саяси консультациялық қызметімен байланысты ақпарат алдық», дейді ұлттық қозғалыс жетекшілерінің бірі Леван Бежашвили.
Алайда оның айтуынша, Ресей қозғаған қылмыстық іс негізсіз екен.
«Экстрадициялау бойынша біздің барлық ресурстарымыз Украина мен Қазақстан өкілдерімен тиісті қарым-қатынас жасасуда», деп қосты жетекші.
Леван Варшаломидзе грузин саясаткері, жуырда ғана сотталған экс-президент Михаил Саакашвилидің жақын серіктесі. Ол 2004-2012 жылдары Аджария үкіметін басқарды. «Раушан революциясының» басты қайраткері болды.