Қазақстанда шығарылған автокөліктердің бағасы төмендеп келеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, отандық автокөліктер бағасының төмендеуі оң үрдіс саналады.
– Көлік бағасы төмендеп жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Біз Қазақстанда өндірілген автокөліктер бағасының динамикасын арнайы зерттедік. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың бағасы шамамен 5 пайызға арзандады, – деді Ерсайын Нағаспаев.
Сонымен қатар министр шетелде өндірілген автокөліктердің бағасы керісінше аздап қымбаттағанын айтты.
Оның сөзінше, бұл үрдіс ішкі нарықтағы отандық автокөлік өндірісінің бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.