Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды, делінген Премьер-министр сайтында.
Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:
- коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;
- ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
- "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
- ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
- ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
- ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін "Ashyq" сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу; эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:
- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары; жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.
Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:
- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.
Жұмыс күндері жұмысы шектелсін:
- сағат 20.00-ге дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
- сағат 18.00-ге дейін "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
- "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.
Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.