Freedom Inside '26

Қазақстанда журналистердің жұмысы жөнінде комиссия құрылды

Қазақстанда журналистердің жұмысы жөнінде комиссия құрылды
gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі салалық журналистиканы дамыту жөніндегі комиссия құрылғанын жариялады. Тиісті бұйрыққа министр Аида Балаева қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комиссияның мақсаты – елімізде журналистиканы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және іс-шараларды үйлестіру.

БАҚ мәліметінше, комиссия құрамына тәжірибелі журналистер немесе БАҚ өкілдері кірмеген. Комиссияны Аида Балаева өзі басқарады, вице-министр Қанат Ысқақов оның орынбасары болып тағайындалған.

Комиссия құрамына кафедра меңгерушілері, журналистика факультеттерінің декандары, университет оқытушылары, білім беру бағдарламаларының өкілдері кіреді.

Мысалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай, Гумилев  атындағы ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Нұржан Қуантаев, сондай-ақ, Narxoz университетінің профессоры Гүлмира Сұлтанбаева бар.