Қазақстанда жеңілдетілген автонесие қайтадан беріле ме?

Cағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 19:36 904

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие енді берілмейтін болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Қазақстан үкіметі жеңілдетілген автонесие мәселесін бір жарым жыл бұрын жапқан, қаражат тек қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

«Бұл жерде біз дұрыс шешім қабылдадық деп санаймын. Жеңілдікпен несиелеуге ешкімнің ешқашан көңілі толмайды. Бұл түсінікті де, себебі адам тым көп, ал оған жұмсауға болатын ақша тым аз. Автокөлік өндірушілер де, қаржы нарығы да бір орнында тұрмайды. Үкімет автокөлік сатып алуды жеңілдету үшін жеке тұлғаларға арналған лизинг енгізу туралы түзетуді заңнамалық деңгейде қолдады», - деді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, көлік сатумен айналысатын компаниялардың өздері түрлі қаржылық құралдар енгізіп, көлікті бөліп төлеу арқылы сатып жатыр. Ал жеңілдетілген автонесиелеуге бағытталған қаражат өңірлерде қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар