Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң ресми түрде күшіне енді. Құжат елімізде жасанды интеллект технологияларын қолданудың құқықтық негізін айқындап, қауіпсіздік пен ашықтық талаптарын күшейтуді көздейді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Заңға сәйкес, жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өзгертілген мәтін, фото, видео және аудио контент міндетті түрде арнайы белгімен таңбалануы тиіс. Бұл талап жалған ақпарат пен манипуляцияның алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ құжатта ЖИ-ды заңсыз пайдалану, азаматтардың құқықтары мен дербес деректеріне зиян келтіретін жүйелерді қолдануға тыйым салу нормалары бекітілген. Талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Жаңа заң Қазақстанда жасанды интеллектіні жауапты әрі қауіпсіз дамытуға жол ашпақ.
