Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келген. Ең көп нәресте дүниеге келген өңірлер:
- Түркістан облысы – 29 бала,
- Шымкент қаласы – 24 бала,
- Астана қаласы – 22 бала,
- Алматы қаласы – 21 бала.
