Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй бағасы қымбаттады

Көркем Алдабергенова 13 қаң. 2026 14:36

Қазақстанда пәтер жалдау құны соңғы бір жылда едәуір өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, жалдамалы тұрғын үй бағасы орта есеппен 13 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір ел бойынша бір шаршы метрдің орташа жалдау құны 5 мың теңгеден асып отыр. Ең қымбат пәтерлер дәстүрлі түрде Астана мен Алматыда тіркелген.

Өсім өңірлерде де айқын байқалады. Әсіресе:

Павлодарда – 42,9%

Петропавлда – 41%

Ақтөбеде – 30,4%

Өскеменде – 23,1%

Көкшетауда – 8,5%

Қонаевта – 3,3%

Сарапшылардың айтуынша, жалдау бағасының өсуі халық үшін ең өзекті әлеуметтік проблемалардың біріне айналып келеді. Тұрғын үйді жалға алу көптеген азамат үшін күннен-күнге қолжетімсіз болып барады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove